Ресейде тікұшақ құлап, бір адам көз жұмды

None
None
АРХАНГЕЛЬСК. ТАСС. ҚазАқпарат – Ресейде «Робинсон» тікұшағы құлап, бір адам көз жұмып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС 11396337 агенттігіне сілтеме жасап.

РесейдіңСолтүстік-Батыс көлік прокуратурасы келтірген алдын ала мәліметтер бойынша, 17 мамырда «Робинсон-44» тікұшағы Мәскеу уақытымен 15:15-те Васьково әуежайынан ұшып шыққан. Тікұшақ әуежайда жанармай құйған. Ал 15:42-де әуе кемесі Архангельск облысы Мудьюг аралының солтүстік бөлігіне қонған. 21:25-те Мудьюг аралының жағалауынан 1,5 км қашықтықта тікұшақтың құлағаны туралы хабарлама келді. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, екеуі жарақат алды, біреуі хабар-ошарсыз кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта ұшқыш және үш аңшы болған.

Оқиға фактісі бойынша Ресей Федерациясы ҚК 263-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар