Ресейде су тасқынынан келетін шығын жыл сайын 75 млрд рубльге жетеді

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдегі су тасқынынан болатын шығын жыл сайын 75 миллиард рубльге жетеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

РФ Табиғат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, су тасқынынан болатын аса ірі шығын Ресейде жыл сайын 75 миллиард рубльге жетеді.

Судың теріс әсерінен қорғау және Ресей Федерациясы аумағындағы гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» федералды жобасының желісі бойынша су тасқынына қарсы жұмыс аясында РФ-ның әртүрлі аймақтарындағы «үлкен судан» зардап шеккен өзен арналарының проблемалы учаскелерінің 55%-ы жақын арада тазартылады. Бұдан басқа, 2024 жылға қарай 380 шақырымнан астам инженерлік қорғау құрылыстарын қайта жаңарту жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар