Ресейде су астында қалған үйлер саны 1,3 мыңға жетті

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының Кубань қаласында толассыз жауған нөсер салдарынан су астында қалған үйлер саны 1,3 мыңға жетті, сондай-ақ 1,6 мың ауланы су басты. Бұл туралы РФ ТЖМ Краснодар өлкесі басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Кеше кешке ТЖМ өңірлік басшылығы Краснодар өлкесінде ауа райының қолайсыздығы салдарынан 352 үйді, 878 ауланы су басқанын мәлімдеді.

«Осы циклон салдарынан 19 елді мекендегі 1344 жеке үй, 1683 ауланы су басты», - делінген хабарламада.

Құтқарушылар бес лагерьдегі 989 баланы эвакуациялады. 847 тұрғын, соның ішінде 588 бала уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді. Темрюк ауданы Старотитаровск стансасында жеке үйлердегі 25 адам эвакуацияланды.

11 елді мекенде электр сөніп, 108 мың адам жарықсыз қалды. Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Төтенше жағдай режимі жарияланған муниципалитеттер саны алтыдан 14-ке жетті.


Соңғы жаңалықтар