+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Ресейде Рунетке қатысты жаңа заң күшіне енді

2019 жылғы 1 қараша 16:13
Бөлісіңіз:
Ресейде Рунетке қатысты жаңа заң күшіне енді

МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресейде интернеттің ресейлік сегментін ғаламтордың жаһандық инфрақұрылымынан ажыратқан жағдайда оның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі заң күшіне енді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде Қазақстанның Каспий маңы жайлы кітап жарық көрді Туризм қауіпсіз болсын десек, вакцинацияны міндетті ету керек – ресейлік маман Қазақстан мен Ресей 21 қыркүйектен бастап әуе қатынасын қалпына келтіреді

Ресми тұлғалар мен сарапшылардың айтуынша, жаңа заңның ресейлік интернетті пайдаланушыларға ешқандай әсері болмайды, Рунет әлемдік Интернет кеңістігінің бір бөлігі болып қала бермек.

«Заңның күшіне енуінен ресейлік қолданушылар ешқандай өзгерісті байқамайды, байланыстың сапасы да нашарламайды», - деп мәлімдеді РФ Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігінің баспасөз хатшысы Евгений Новиков.

Заңға сәйкес, Рунеттің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төнген жағдайда Ресейдің Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласын қадағалау жөніндегі федералдық қызметі (Роскомнадзор) жалпы көпшілік пайдаланатын байланыс желісін өз бақылауына алады. Ал ондай қауіптің туғаны, бақылауды федералдық қызметке тапсыру туралы үкімет шешім қабылдайды.

Заңның қабылдануы жұртшылық арасында қызу талқыланды. Тіпті Қытайдың «Алтын қалқаны» сияқты жабық кеңістік құрылады деп уайымдағандар да болды.

Федералдық қызметтің басшысы Александр Жаровтың мәлімдеуінше, Ресейде тек қана тыйым салынған нәрселер бұғатталады, тыйым салынған ақпараттарға ғана шектеу қойылады.

Ал байланыс министрінің орынбасары Алексей Волин Қытайдың ұстанған жолы Ресейге тура келмейтінін жеткізді. Оның айтуынша, ҚХР ішкі нарығы Ресейге қарағанда әлдеқайда ауқымды, сондықтан экономикалық тұрғыдан өзін қамтамасыз ете алады. Оның үстіне, Рунетті пайдаланушылар 300 млн адамнан асады, яғни Ресей халқынан екі есе көп. Ал Рунетті оқшаулап қою Рунет нарығын кем дегенде екі есе қысқартумен барабар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT