Ресейде Росгвардияға тиесілі тікұшақ апатқа ұшырап, адамдар қаза тапты

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС - ҚазАқпарат – Ресейлік Росгвардияның солтүстік-батыс өңірлік округі Ленинград облысының маңында Ми-8 тікұшағының құлағанын хабарлады.

Бұл туралы ҚазАқпарат Ресейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша апат салдарынан 3 әскери қаза тапқан.

Тікұшақта қару болмаған. Себебі ол оқу-жаттығуға қатысып жатқан.

Ленингрда облысында аталған оқиғаның болғанын растады. Абырой болғанда жергілікті тұрғындар зардап шекпеген.

ТАСС агенттігінің шұғыл қызметтердегі дереккөзі Ми-8 тікұшағы құлағаннан кейін өрт шыққанын хабарлаған.

«Осы уақытта өрт сөндірілді»,-деді агенттікке хабар жеткізуші.

Тағы бір ақпарат көзінің хабарлауынша, тікұшақтың құлағаны туралы хабар жергілікті уақыт бойынша, сағат 20:30-де жеткен. Куәгерлер әлеуметтік желілерде оқиға орнынан суреттерді таратып жатыр. Онда қою түтін шығып жатқаны байқалады.

Кейбір суреттерге қарағанда, тікұшақ далалы алқапқа құлаған.


Соңғы жаңалықтар