Ресейде өткен парламент сайлауының қорытындысы шықты

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС - ҚазАқпарат – Ресейде өткен Парламент сайлауының қорытындысына сәйкес, «Біртұтас Ресей» партиясы Госдумаға партиялық сайлау тізімі бойынша сайлаушылардың 49,82 пайызын жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алдын ала есептеуге сәйкес, біртұтас ресейліктер тізім бойынша шамамен 112 депутаттық мандат алды. Бұдан басқа, олар 198 біркомандалық округ бойынша жеңіске жеткен. Осылайша, «Біртұтас Ресей» төменгі палатада ең көп дауыс жинаған (300-ден астам мандат) партия болды.

Дауыс беру қорытындылары бойынша, екінші орында КПРФ (Ресей Федерациясының Коммунистік партиясы) – 18,93 пайыз, одан кейін ЛДПР (Ресейдің либерал-демократиялық партиясы) - 7,55 пайыз, «Әділ Ресей - Патриоттар – Шындық үшін» - 7,46% және «Жаңа адамдар» - 5,32% тұр. Осы партиялардың бесеуі де Госдумаға өтті.


Соңғы жаңалықтар