Ресейде мұнай зауытынан өрт шықты

None
ИРКУТСК. ТАСС - ҚазАқпарат - РФ Иркутск облысы Ангарск қаласында мұнай зауытынан өрт шығып, жалын 2,5 мың шаршы метр аумақты шарпыған, деді бейсенбі күні қала мэрі Сергей Петров.

Бұл туралы ҚазАқпарат ресейлік ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Өңір губернаторы Игорь Кобзев бес адамның зардап шеккенін мәлім етті.

«Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бес адам зардап шеккен. Біреуі ауруханада, төртеуі амбулаторлық ем алуға жіберілді. Ангар мұнай-химия компаниясының аумағында (АМХК) Төтенше жағдай комиссиясының отырысы өтіп жатыр. Бұдан бөлек жақын маңдағы үйлерде тексеріс жүргізіліп жатыр. Ештеңе зақымдалмаған», - деді ол.

Кобзевтің айтуынша, оқиға инфрақұрылым жұмысына ықпал етпеген, Ангарск тұрғындарына қауіп жоқ.

Өрт жергілікті уақытпен 08:18-де өрт ауыздықталғаны, 10:59-да сөндірілгені хабарланды.


Фото: tass.ru

Соңғы жаңалықтар