Ресейде Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады

None
None
ДОНДАҒЫ РОСТОВ. ҚазАқпарат - Ресейдің Краснодар өлкесінде Ми-8 тікұшағы құлап, ұшқыш қаза тапты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Краснодар облысында ауыл шаруашылығы жұмыстарын атқарып жүрген Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыш қаза тапқан», - деп мәлімдеді РФ Тергеу комитетінің Оңтүстік тергеу басқармасының баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға тексеріліп, мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар