USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Ресейде коронавирустың «омикрон» штамы анықталды

2021 жылғы 7 желтоқсан 22:01
Бөлісіңіз:
Ресейде коронавирустың «омикрон» штамы анықталды

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 31 096-ға көбейді, 14 қазаннан бері бұл көрсеткіш бірінші рет 32 мыңнан төмен болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Премьер-Министрдің орынбасары: Омикронды жұқтыру көрсеткіші пандемия басталғалы рекордқа жетті Шығыс Қазақстанда коронавирустың омикрон штамы тіркелген жоқ Омикрон өршіді, елдегі ахуал күрделі

Салыстырмалы түрде жаңа жағдайлардың өсу үлесі – 0,32%. Атап айтқанда, бір тәулікте Санкт-Петербургте 2 381, Мәскеу облысында 2 208, Краснояр өлкесі мен Самара облысында 781, Воронеж облысында 717 жұқтыру жағдайы тіркелген.

Қазіргі кезде 1 016 110 адам ем қабылдап жатыр.
Өлім саны бір тәулікте 1 182-ге көбейіп, 283 644-ке жетті. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 1 184 болған. Штаб деректеріне сай, шартты өлім саны (нақты өлім саны эпидемия аяқталғаннан кейін белгілі болады) 2,88%-ға өскен.
Сонымен қатар Ресейде коронавирустың алғаш рет «омикрон» штамы анықталды. Оны ОАР-дан келген екі азамат жұқтырған. Барлығы аталған рейспен келген 10 азаматтан коронавирус анықталды, қазіргі кезде олар оқшауланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT