Ресейде коронавирусты бір тәулікте 8,7 мың адам жұқтырды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 309 мыңға жуықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі Қазақстан Үкіметінің ведомствоаралық комиссиясына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейде COVID-19-ды жұқтырудың 8 764 жаңа жағдайы Федерацияның 84 өңірінде анықталды.

Қауіпті вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 308 705 адамды құрады. Жазылып шықты - 85 393 науқас.

Бір тәулікте инфекциядан 135 науқас қайтыс болды. Қаза болғандардың жалпы саны - 2 972 адам.



Соңғы жаңалықтар