Ресейде коронавирустен алғаш рет бір апта ішінде 5 мыңнан аса адам қайтыс болды

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде коронавирустен көз жұмған адамдардың саны соңғы жеті күн ішінде 5 077-ге өсті. Бұл туралы Ресейдегі Жаңа инфекциямен күрес жөніндегі федералды жедел штабтың деректеріне сүйеніп есеп жүргізген ТАСС агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресей үшін бұл жаңа рекорд болып отыр. Алдыңғы рекорд өткен аптаның қорытындысы бойынша тіркелген. Ол кезде коронавирустен 4 643 адам қайтыс болған.

Дегенмен өлім санының үлесі жұқтыру жағдайларының көптігіне байланысты қатты өзгеріске ұшырамады. Алты күннің ішінде ол 2,46%-дан 2,47%-ға дейін ғана көтерілді.

Ресейдегі өлім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда едәуір жоғары болып отыр: бір аптаның ішінде елде болған өлім саны 2020 жылдың шілде айының жиынтық көрсеткіші (1-31 шілде аралығында штаб 4 643 өлім туралы хабарлаған) болған. Штабтың деректері толық емес және тек өлімнің негізгі себебі коронавирус болған жағдайларды ғана қарастыратынын атап өту керек.

Ресейде ауруды жұқтыру өсуде, алайда оның өсу қарқыны төмендеп келеді. 5-11 шілде аралығында елде 172 392 жұқтыру жағдайы анықталды, өткен аптада бұл көрсеткіш 159 650 (8%-ға өскен, өткен аптада өсім 19%-ды көрсеткен) болған.

Бұл Мәскеудегі ахуалдың тұрақтанғанымен байланысты. Онда коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары азайды. Штаб 41 463 жағдайды тіркеді, өткен аптада жұқтырғандар саны 48 833 (15,1%-ға төмен) болған.

Елде жазылып шыққандар саны 131 318-ге өсті. Бұл өткен аптадағы көрсеткіштен 17,1%-ға жоғары. Алайда белсенді жағдайлар саны артуда – елде, штаб, деректері бойынша, 440 112 адам ем алуда (бұл – 5 ақпаннан бергі ең жоғары көрсеткіш).


Соңғы жаңалықтар