+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны антирекорд жаңартуда

2021 жылғы 15 шілде 16:01
Бөлісіңіз:
Ресейде коронавирустан көз жұмғандар саны антирекорд жаңартуда

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде коронавирустан көз жұмғанар саны тәулік ішінде 791 адамға жеткен. Кеше 786 адам болды. Бұл – пандемия басталғалы елде тіркелген ең үлкен сан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдің ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коронавирус жұқтырған 2,3 мың науқас ауруханада жатыр Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 411 жағдай тіркелді Фейк: Ауруханаларда вакцинацияланған балаларға арналған төсек-орындар дайындалды

Ресейдің жаңа аурумен күрес жүргізу жөніндегі федералдық штаб мәліментіше, шартты өлім деңгейі (соңғысы көрсеткіш тек пандемия аяқталған соң ғана анықтала алады) 2,48%-ды құрап отыр.

Тәулік ішінде Санкт-Петерборда 108 өлім оқиғасы, Иркутск облысында – 33 өлім оқиғасы, Нижегород облысында – 26, Краснодар өлкесінде – 25, Воронеж облысында 23 өлім оқиғасы тіркелген.

Коронавирус жұқтырудың расталған оқиғаларының саны бір тәулікте 25 293-ке көбейіп, 5 882 295 оқиғаға дейін жеткен.

Салыстырмалы мәнде ауруға шалдыққандар санының өсімі 0,43%-ды құраған. Атап өткенде, тәулік ішінде Мәскеу облысында ауру жұқтырудың 2 444 оқиғасы, Санкт-Петерборда – 1 954 оқиға, Нижегород облысында 528, Свердов облысында – 484, Краснояр өлкесінде 468 оқиға анықталды.

Қазіргі кезде Ресейде 457 250 адам ем алып жатыр. Мәскеуде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бір тәулікте 5 237 адамға жетіп (бір күн бұрынғы көрсеткіш - 3 966 адам),жалпы саны 1 448 835 адам болды.

Штаб мәліментіше, ауруға шалдыққандардың санының өсімі салыстырмалы мәнде 0,36%-ды құраған. Мәскеуде қауіпті вирустан болған өлім-жітім саны тәулік ішінде 101-ге жетіп (бір күн бұрын 109), жалпы саны 24 068 адам болды.

Еске салсақ, Ресейде қауіпті вирустан көз жұмғандар саны бірнеше күн қатарынан рекорд орнатуда. Және Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны өсіп, әлемде төртінші орынға көтерілді



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT