Ресейде коронавирустан көз жұмған адамдардың тәуліктік көрсеткіші рекорд орнатты

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – ТАСС – Ресейде коронавирустан болған өлім-жітім саны 780-ге жетті, бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғарғы көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Бір күн бұрын өлім-жітім саны 710-ды құраған болатын.

федералды жедел штабтың мәліметінше, жалпы инфекциядан 144 492 адам көз жұмған.

Ауырғандар мен жазылып шыққандар саны Ресейде коронавирус инфекциясының расталған жағдайларының саны бір күнде 24 702-ге, жалпы 5 833 175-ке дейін өсті. Салыстырмалы түрде аурудың өсу қарқыны 0,43%-ды құрады.

Қазіргі уақытта Ресейде 452 469 адам ем алуда.

Коронавирустан жазылған ресейліктердің саны бір күнде 19 566-ға, жалпы 5 236 214-ке дейін өсті.

Штаб мәліметінше, емделген пациенттердің үлесі жұқтырғандардың жалпы санының 89,8%-ын құрайды.


Соңғы жаңалықтар