Ресейде коронавирустан бір тәулік ішінде 596 адам қайтыс болды

МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат - Ресейде коронавирустан бір тәулік ішінде 596 адам қайтыс болды. Сондай-ақ тәулік ішінде вирус жұқтырғандар саны 26 402-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік таратқан деректерге қарағанда, Ресейде коронавирус жұқтырып, көз жұмғандар саны бір тәулікте 569 адамды құрады. Бұл індет тарағалы бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Бұның алдындағы тәулікте 368 адам қайтыс болған еді. Қауіпті инфекциядан барлығы 40 464 пациент қайтыс болды, деп хабарлады журналистерге сейсенбі күні коронавируспен күрес жөніндегі федералдық жедел штаб өкілдері.
Штаб таратқан мәліметтерге қарағанда, аурудан қайтыс болу көрсеткіші әзірге 1,74% деңгейінде қалып отыр. Қайтыс болғадардың 30% ауру ең көп тараған Мәскеу (76), Санкт-Петербург (85) және Мәскеу маңындағы аймақтарға (21) тиесілі.
Жедел штабтың мәліметтеріне қарағанда, соңғы тәулікте Ростов облысында 25 адам, Краснояр өлкесінде 22 адам, Коми Республикасында 17 адам қайтқан.
- Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 3,5 миллионнан асты
- Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
- Балалар, коронавирус және дәрі-дәрмек: ӘМСҚ халықты толғандырған сұрақтарға жауап берді
- Қаулы жаңартылды: Нұр-Сұлтан қаласында жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді
-
Қаулы жаңартылды: Елордада демалыс күндері ойын-сауық орталықтары істемейтін болды
-
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам