USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Ресейде коронавирусқа шалдыққандар саны тәулігіне рекордты 32 196 адамға жетті

2021 жылғы 15 қазан 21:42
Бөлісіңіз:
Ресейде коронавирусқа шалдыққандар саны тәулігіне рекордты 32 196 адамға жетті

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – 15 қазандағы жағдай бойынша Ресейде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 999-ға жетті, бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтарды Жаңа жылды туыстарымен қарсы алуға және карантинді сақтауға шақырды Ashyq: Ақмола облысында аутсайдер кәсіпкерлер саны 3,4 есе артты Атырау облысында көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды - жаңа Қаулы

Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметтері бойынша, соңғы айда өлім-жітімнің ең жоғары мәні 14 рет жаңартылды, яғни орта есеппен әр екі күн сайын кезекті антирекорд тіркеліп отырды.

Ресми деректерге сүйенсек, соңғы айда Ресей Федерациясында коронавирустан 25 478 адам қайтыс болды, яғни бұл – пандемия кезінде қайтыс болғандардың жалпы санының 11,51 пайызы.

ДДҰ жаһандық рейтингінде Ресей соңғы 7 күнде коронавирустан қайтыс болғандар саны бойынша АҚШ-тан кейінгі 2-орында және пандемияның бүкіл кезеңінде 5-орында. Соңғы тәулікте Ресейде коронавирустың 32 196 жаңа жағдайы анықталды, деп хабарлайды Роспотребнадзор сайты. Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша көш бастап тұрғандар: Мәскеу – 6 631 жағдай, Санкт-Петербург – 2 632 және Мәскеу облысы – 2 110 жағдай.

Ресей Федерациясында коронавирустың 7 926 176 жағдайы анықталды, 6 960 024 науқас жазылып шықты. Пандемия кезеңінде инфекциядан 221 313 адам қайтыс болды. Ал 1 581 572 адам медициналық бақылауда. Өткен тәулікте 22 268 адам емделіп шықты.

Эпидемиялық жағдайдың шиеленісуіне байланысты 30-дан астам өңір карантин режимін қатаңдатты, оның ішінде қоғамдық орындарға бару және көпшілік іс-шаралар үшін QR-кодтар, сондай-ақ вакцинадан өткендігі туралы сертификаттар енгізілді. Жеке субъектілерде вакцина алуға міндеттелген қызметкерлер үшін қызмет салаларының тізімі енгізілді немесе кеңейтілді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT