Ресейде коронавирусқа шалдыққандар саны 900 мыңнан асты

МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат - Ресейде бір тәулік ішінде коронавирус 5 102 адамнан анықталып, індетті жұқтырғандардың жалпы саны 902 701-гежетті. Бұл туралы сәрсенбі күні тілшілерге жедел штабтан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Штаб мәліметінше, вирусты жұқтырудың бір тәуліктегі өсімі он бірінші күн қатарынан 0,6 пайыздан көтерілмей тұр.
Мәселен, Мәскеу қаласында жаңадан 689 оқиға, Свердлов облысында – 167, Санкт-Петербургте – 161, Мәскеу облысында – 152 және Ростов облысында 127 оқиға анықталған.
Қазіргі кезде елде 177 143 адам коронавирустан емделіп жатыр. Тәулік ішінде ауруханадан 7 123 адам емделіп шықса, барлығы 710 298 адам індеттен айыққан. Аурудан жазылып шыққандардың үлесі Ресейде коронавирус жұқтырған адамдардың жалпы санының 78,7 пайызын құрап отыр.
Қауіпті вирустан қайтыс болғандар саны тәулік ішінде 129 адамға көбейген, инфекциядан барлығы 15 260 адам көз жұмды. Ресейде індеттен қайтыс болғандардың үлесі ауру жұқтырған адамдардың жалпы санының 1,69 пайызын құрап отыр.
- Коронавирус індеті Талдықорған мен Текелі қаласында өршіп тұр
- Алексей Цой эпидемиологиялық ахуалы лайықты қадағаланбай жатқан үш өңірді атады
- Дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды - Алексей Цой
- Солтүстік Қазақстанның 2 елдімекенінде карантин шаралары күшейтілді
-
Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге: Вакцинация мәселесінде дүрбелеңге жол бермеу керек
-
Коронавирус: Алматы облысы «жасыл» аймаққа шықты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам