Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакцина салу қараша-желтоқсан аралығында жүргізіледі

None
None
ИРКУТСК. ТАСС-ҚазАқпарат - Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакцина салу қараша-желтоқсан аралығында жүргізіледі.

Бұл туралы дүйсенбі күні журналистерге Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Иркутск қаласына сапары барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, вакцинаны алғашқылардың бірі болып қыркүйек айында тәуекел тобындағылар, яғни дәрігерлер мен мұғалімдер алады.

«Тәуекел тобындағы азаматтарға вакцинялар қажетті көлемде қыркүйек айынан жеткізіле бастайды. Ал жаппай вакцинациялау қараша-желтоқсан аралығына жоспарланып отыр»,-деді министр.

Оның сөзінше, препаратты тіркеуден кейінгі зерттеу жұмыстары осы аптада басталады.

«Бұл бізге вакцинаны жан-жақты зерттеуге берілген мүмкіндік. Біз вакцинаның тиімді екенін көріп отырмыз. Соған қарамастан біз оны терең әрі жан-жақты зерттегіміз келеді. Өйткені бізге түсетін науқастардың әрқайсынының денсаулық жағдайы бір-бірінен бөлек, әрқайсынының ерекшелігі әртүрлі»,-деп түсіндірді ол.


Соңғы жаңалықтар