Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы айналымға шықты

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы азаматтық айналымға шығарылды.

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің айтуынша, дәрі-дәрмекті жақын арада Ресей өңірлеріне жеткізу көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Жаңа коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған вакцинаның алғашқы партиясы – «Гам-Ковид-Вак» (Спутник V) қажетті сапа сынақтарынан өтіп, азаматтық айналымға шығарылды», – делінген хабарламада.

Сынақтар Ресейдің Денсаулық сақтауды қадағалау қызметінің зертханаларында жүргізілген.

Вакцинаны Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко: «Бұл кезеңдегі азаматтық айналым – тәуекел тобындағы тұрғындарды, атап айтқанда, мұғалімдер мен дәрігерлерді вакциналау. Ол тіркеуден кейінгі клиникалық зерттеулермен қатар жүргізіледі», – деп түсіндірген болатын.


Соңғы жаңалықтар