+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинаны  21,5 млн тұрғын салдырған

2021 жылғы 10 мамыр 23:58
Бөлісіңіз:
Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинаны  21,5 млн тұрғын салдырған

СОЧИ. ТАСС - ҚазАқпарат – Ресей Президенті Владимир Путин елде 21,5 млн тұрғынның коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысының шалғай ауылдарын жылжымалы егу кешені аралайды Вакцинация мен ПТР-тестілеуден бас тартқандарға қандай шара қолданылады ҚР Қорғаныс министрі шетелдік әріптестеріне ел әскерінің пандемиямен күрестегі еңбегін баяндады

Оның пікірінше, бұл өте жақсы нәтиже. Бұл туралы Ресей басшысы дүйсенбі күні журналистер тарапынан қойылған сауалға орай берген жауабында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдің ТАСС агентттігіне сілтеме жасап.

Ресей басшысы азаматтарды жеделдетіп, коронавирусқа қарсы вакцина қабылдауға шақырды.

Сонымен қатар Владимир Путин вирус жұқтырған жағдайда оның симптомдары біліне бастағанда-ақ дәрігерге қаралуға кеңес берді.

Ресей президенті сонымен қатар өңір басшыларына тестілеу мен вакцинация қарқынын сақтау қажеттігін еске салды.

Аталғандармен қоса мамандар дайындаған ережелер мен сарапшылардың кеңсетерін назардан тыс қалдыруға болмайтынын ескертті.

«Маска режимі мен мамандардың өзге де талаптарын орындау керек. Сонда ғана біз жетістікке жете аламыз»,-деді В.Путин.

Пандемия басталғалы Ресейде коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметтері бойынша, 4 888 727 адам КВИ жұқтырып, 4 502 906 адам аурудан жазылған, 113 647 адам қайтыс болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT