+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық сынақтан өткізілді

2020 жылғы 13 шілде 10:45
Бөлісіңіз:
Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық сынақтан өткізілді

МӘСКЕУ. ТАСС - ҚазАқпарат – Ресейдің Сеченов университетінде коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық сынақтан өткізілді. Зерттеу нәтижесі екпенің қауіпсіз екенін көрсетті. Бұл туралы ТАСС-қа жексенбі күні Университеттің дәрілерді клиникалық зерттеу орталығының басшысы, бас зерттеуші Елена Смолярчук мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 170 науқастың жағдай өте ауыр Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 10 адам қайтыс болды Эпидахуалды бағалау матрицасы: Қызылорда облысы қайтадан «сары» аймаққа өтті

«Зерттеу аяқталды, ол вакцинаның қауіпсіз екенін көрсетіп отыр. Сынаққа ерікті түрде қатысқандар 15 және 20 шілдеде шығарылады», - деді ол.

«Олар университет зертханасынан шығарылғаннан кейін амбулаторлық бақылауда болады», деді Смолярчук.

Сеченов университетінде вакцинаның алғашқы сынақ кезеңі 18 маусымда басталды. Ол кезде 18 еріктіге екпе егілді. 20 адамнан құралған еріктілердің екінші тобына 23 маусымда вакцина салынған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT