Ресейде коронавирусқа қарсы екінші вакцина тіркелді

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Ресейдн коронавирусқа қарсы екінші вакцинаның тіркелгені және үшінші вакцинаны жедел тіркелгендігі хабарланды. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Владимир Путин ресейлік коронавирусқа қарсы вакциналар өндірісін ұлғайту және оларды ел ішінде жеткізу маңызды екенін атап өтті.

«Біз қазір бірінші вакцинаның да, екінші вакцинаның да өндірісін ұлғайтуымыз керек. Әрине, ең алдымен, Ресей нарығын осы препараттармен қамтамасыз еткен жөн: олар Ресейдің дәріхана желілеріне және мүмкіндігінше көбірек жеткізілуі керек», - деді ол.

«Вектор» орталығы 24 шілдеде Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінен вакцинаны еріктілерге клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат алған болатын. 30 қыркүйекте вакцина ресми түрде патент алды. «Вектор» вакцинасы вирустың фрагменттері - синтетикалық пептидті антигендерден тұрады. Оларға негізделген вакцина коронавирусқа қарсы иммундық реакцияны тудырады және одан әрі иммунитеттің дамуына ықпал етеді.

Бұған дейін хабарланғандай, М.П. Чумаков атындағы Ресей Ғылым академиясы

иммунобиологиялық препараттарды зерттеу және дамыту федералды ғылыми орталығы 19 қазанда Киров мен Санкт-Петербургте жаңа коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинасын клиникалық зерттеуді бастайды.


Соңғы жаңалықтар