Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны тәулігіне 22 мың адамнан асты

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны тәулігіне 22 572-ге артып, жалпы саны 1 925 825-ке жетті. Бұл туралы жексенбі күні журналистерге коронавируспен күрес жедел штабы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бір күн бұрын штаб 22 702 адамның инфекцияға шалдыққанын хабарлаған. Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Тәуліктік өсу қарқыны Дағыстан, Ханты-Мансийск автономды округі (0,6%-дан), Марий Эл, Қалмақстан, Татарстан және Чукотка автономды округінде (0,7%-дан) төмен.

Жаңа жұқтыру оқиғалары: Мәскеуде – 6271, Санкт-Петербург – 1944, Мәскеу облысында – 812, Нижгород облысында – 412 және Карелияда – 358.

Қазіргі уақытта Ресей Федерациясында 452 654 адам сырқаттанып жатыр.

Коронавирустан жазылып шыққандардың саны тәулігіне 14 456-ға артып, жалпы саны 1 439 985-ке жетті. Штаб мәліметінше, сауыққан науқастар саны 74,9%-дан 74,8%-ға төмендеген.

Ресейде бір тәулікте коронавирустан 352 науқас көз жұмды. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 391 болатын. Жалпы жаңа инфекция РФ-да 33 186 адамның өмірін қиды.


Соңғы жаңалықтар