Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 46 пайызға өсті

Фото: None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Кейінгі екі аптада Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың көбейгені байқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Инфекцияны бақылау федералды штабының мәліметі бойынша, кейінгі 24 сағат ішінде ковид жұқтырғандардың көбеюі сәуірдегі көрсеткіштен асып, 9 027 жетті, алдыңғы күнмен салыстырғанда 46 пайызға өсті.

Инфекция жұқтырғандар санының өсу үрдісі шілденің ортасынан бастап, орташа тәуліктік өсім 3-3,6 мың жағдай деңгейінде болған кезде тіркелді.

Сондай-ақ, Ресейде демалыс маусымының соңында сырқаттанушылықтың тағы да жиілеуі мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды. Ресей Ғылым академиясының академигі Геннадий Онищенконың айтуынша, оған халықтың көп жиналуы және оқу жылының басталуы себеп болады. Осыған байланысты ол халықты 1 қыркүйекке дейін алдын ала вакцинацияға және қайта вакцинацияға шақырды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен аптада COVID-19 өршуі 92 елде байқалды. Атап айтқанда, Әзербайжанда - 115%, Жапонияда - 70%, Польшада - 63% , Ресейде - 49%, Қытайда - 36%-ға өсті.




Фото: tass.com

Соңғы жаңалықтар