Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 3,5 миллионнан асты

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат - Ресейде бір тәулікте 24 715 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Коронавирусқа қарсы күрес шұғыл штабының мәліметінше, Ресей Федерациясында КВИ жұқтырғандардың жалпы саны 3 млн 520 мыңға жеткен.

Жаңа жағдайлардың өсімі 0,7% болып отыр.

Бірқатар өңірде өсім төмен, олар - Тыва Республикасы (0,1%), Ямал-Ненец автономия аймағы, Еврей автономия облысы ( 0,3%) және Магадан, Кемерово және Ненец автономиялары (0,4%).

Қазіргі таңда ел аумағында 546 356 науқас індеттен емделіп жатыр.

Соңғы тәулікте 27 636 науқас коронавирустан жазылып кетті. Барлық емделіп шыққандардың саны - 2 млн 909 мың 680 адам. Дертінен айыққандардың үлесі 82 пайыздан асты.

Бір күнде 555 пациент COVID-19 дертінен көз жұмған. Ал науқастан қайтыс болғандардың жалпы саны - 64 495.


Соңғы жаңалықтар