Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 1036 адамға жетті

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС - ҚазАқпарат – Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны бір тәулікте 840 адамнан 1036 адамға жетті, деп мәлімдеді жедел штаб. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Мәскеуде коронавирус жұқтырғандар саны 703 адамды құрады. Бір тәулікте ауру жұқтырған тағы бір науқас қайтыс болды. Коронавирусқа шалдығып, емделіп шыққан ресейліктер саны 45 адамға жетті. Бір тәулікте жеті адам ауруханадан шығарылды. Ресейде коронавирус табылған өңірлер саны 56-дан 58-ге жетті.


Соңғы жаңалықтар