Ресейде Конституцияға енгізілетін түзетуге дауыс беру күнін кейінге қалдырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының Президенті Владимир путин коронавирус инфекциясының таралуына байланысты РФ конституциясына түзетулер бойынша дауыс беруді кейінірек датаға ауыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдын ала датасы 22 сәуірге белгіленген Конституцияға түзетулер бойынша жалпыресейлік дауыс беруді ұйымдастыру бойынша мәселелердің туындайтындығы сөзсіз. Өздеріңізде бұл мәселеге қаншалықты байыппен қарайтындығымды жақсы білесіздер. Әрине, еліміз үшін, қоғамымыз үшін түгейлі әрі басты осынау мәселеге қатысты өздеріңіздің пікірлерлеріңізді келіп білдіруді сұрайтын болады. Дегенмен, бұған дейін айтқанымдай, біз үшін адамдардың денсаулығы, өмірі мен қауіпсіздігі сөзсіз басымдық саналады. Сондықтан да дауыс беруді барынша кейінірек датаға ауыстыру қажет деп санаймын. Өңірлердегі, жалпы елдегі ахуалдың қалай дамитындығын бағалаймыз және дәрігерлердің мамандардың кәсіби пікірлері мен ұсыныстарына арқа сүйей отырып, дауыс берудің жаңа күні жайында шешім қабылдаймыз», - деді В.Путин Ресей халқына арнаған телеүндеуінде.

Соңғы жаңалықтар