Ресейде қолтырауынын көшеге алып шыққан адам ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Новороссийск қаласында қолтырауынға қарғыбау тағып жағайжайда серуендеткен адам ұсталды, деп хабарлайды ресейлік RT  телеарнасы.

Краснодар өлкесі прокурорының аға көмекшісі Антон Лопатиннің айтуынша, Анапа жағажайының бірінде теңізге қолтырауынды жүзгізіп жүрген ер адамға қатысты видео пайда болған.

«Жануар тәркіленіп Анапа зообағына тапсырылды. Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша Ресей ҚК-нің жануарларды дұрыс күтіп ұстамау және қауіпсіздік талабын бұзу баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп мәлім етті Антон Лопатина.

Ұсталған адам қолтырауынды 2012 жылы зоодүкеннен сатып алғанын айтқан. Осы уақытқа шейін жануар оның пәтеріндегі аквариумда өмір сүрген. 

Соңғы жаңалықтар