Ресейде Қазақстан азаматының паспортын рәсімдеу мерзімі қысқарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің консулдық бөлімінде Қазақстан азаматының паспортын рәсімдеу мерзімі 80 күннен 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетімен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру бойынша пилоттық жоба аясында жүзеге асуда.

«Рәсімдеу үшін негіз болған жағдайда (тұрақты тұруға рұқсат, күндізгі оқу, еңбек шарты) паспорт 10 күнтізбелік күн ішінде рәсімделуі мүмкін. Құжаттар тапсырылғаннан кейін азамат елшілік іске қосқан Телеграмм-бот арқылы құжаттың дайындығын қадағалай алады», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ пен Ресейдегі Қазақстанның консулдықтары телеграм-бот ашқаны туралы хабарлаған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар