Ресейде қазақ қыз балалары арасында сұлулық байқауы өтеді

None
None
РЕСЕЙ. ҚазАқпарат -28 сәуір күні Ресейдің Самара облысында ұлты қазақ қыз балалар арасында «Алтын балапан» IV сұлулық байқауы өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстанның Ресейдегі Елшілігіне сілтеме жасап.

Байқауды «Ақ Жол» қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы Самара өңірлік қоғамдық ұйымы, Самара облысының «Халықтар достығы үйі», «Қайрат» жастар бірлестігі ұйымдастырып отыр.

Шараны өткізудегі мақсат - өңірдегі қазақ диаспорасының арасында ұлттық мәдениетті насихаттап, ұлтаралық, конфессияаралық келісімді нығайту, жас буын арасынан дарын иелерін анықтау.

Байқауға дайындық барысында кейбір қыздар алғаш рет ұлттық киім киіп, қазақ тағамдарын әзірлеудің қыр-сырын үйренеді.

Сондай-ақ шараға қазақстандық әртістер қатысады - «Мереке ансамблі» мен «Арман» сән театры.

Соңғы жаңалықтар