Ресейде қар көшкінінен қаза тапқандар саны үшеу болды

None
None
КРАСНОЯРСК. ТАСС – ҚазАқпарат – Норильск қаласындағы тау шаңғысы кешенінде болған қар көшкіні кезінде жоғалып кеткен адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Осылайша қаза тапқандар саны үшеуге жетті. Бұл туралы журналистерге РФ Красноярск өңірі және Хакасия бойынша Тергеу комитетінің тергеу басқармасы мәлімдеді.

Бұған дейін іздеу шаралары кезінде қар астынан 14 жасар бала табылған еді. Ол қатты жарақат алған, қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

38 жастағы әйел мен оның бір жарым жасар баласы мерт болды.

Тағы бір адам қар құрсауынан өз бетінше шығып, құтқарушыларды шақырған. Ол медициналық көмекке жүгінді, бірақ ауруханаға жатқызу қажет болмады.

Еске сала кетсек, кеше Ресейдің Норильск деген қаласындағы тау шаңғысы кешенінде қар көшкіні жүріп, 300 шаршы метр аумақты қар басып қалған.

Соңғы жаңалықтар