USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ресейде қар көшкіні болып, 7 турист көз жұмды

2019 жылғы 8 мамыр 20:26
Бөлісіңіз:
Ресейде қар көшкіні болып, 7 турист көз жұмды

ТАУЛЫ АЛТАЙ. ҚазАқпарат - ТАСС - Алтай Республикасында 6 мамыр күні тоғыз адамнан құралған туристік топ қар көшкінінің астында қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Қар көшкіні астында қалған туристік топ құрамындағы 9 адамның 7-еуі көз жұмған, екеуі аман қалған.

Агенттіктің хабарлауынша, туристер байланыс нашар аумақта жүрген. Көшкіннен аман қалған екі турист оқиға орнына жақын Қосағаш елдімекеніне жеткізілген.

Белгілі болғандай, туристер Алтайға Новосібірден келген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT