Ресейде іздеуде жүрген қылмыскер елордада ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық полицейлер Ресейде мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде елорда аумағында «Қаңғыбас» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

«Соның нәтижесінде 250 адам тексеріліп, әртүрлі қылмыс жасады деген күдікпен 11 адам анықталды. ТМД елдерінде іздеуде болған 2 адам анықталды. Із-түзсіз жоғалған 5 адам табылды. Тұрақты мекенжайы және құжаттары жоқ 30 адам қабылдап-тарату орнына жеткізілді» делінген хабарламада.

Іс-шара кезінде полицейлер Құрақты көшесіндегі үйлердің бірінен қылмыскерді анықтап, ұстады. 32 жастағы ер адам Ресей Федерациясында «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін» мемлекетаралық іздеуде жүрген.

Сәуір айының басынан бері полиция қызметкерлері іздеп жатқан 30-ға жуық қылмыскер ұсталды.

Соңғы жаңалықтар