Ресейде іздеуде жүрген қылмыскер Атырауда ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мемлекетаралық іздеуде болған Ресей Федерациясының 45 жастағы азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көші-қон полициясының қызметкерлері «Заңсыз келуші-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде бірнеше деректі анықтаған.

«Биылғы мамыр айында Ресей Федерациясының азаматына сол елдің Қылмыстық Кодексінің 157-бабының 1-бөлігімен (Ата-ананың сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған балаларды, сондай-ақ он сегіз жасқа толған мүгедек балаларды ұстауға қаражат төлеуден қасақана жалтаруы) мемлекетаралық іздеу жарияланған. Қазір ұсталған ер адам шекара қызметіне тапсырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, жедел іс-шара кезінде полицейлер құрылыс нысандарына тексеру жүргізді.

Атырау қаласындағы «Береке» шағын ауданында Өзбекстан Республикасының 52 азаматы құжатсыз еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырып жүргені анықталды. Шетелдік азаматтар Атырау қалалық полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 16 мигрант көпқабатты үйдің құрылысына заңсыз

тартылғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар