Ресейде халық саны кеміп барады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Ресей тұрғындарының саны 2018 жылдың қаңтарынан бастап 0,063 пайызға кеміді. Росстаттың сәрсенбі күні жариялаған мәліметтері бойынша елде 146,8 млн адам тіршілік кешуде, деп хабарлайды ТАСС.

«2018 жылдың 1 тамызында  Ресейдің тұрғылықты халқының саны 146,8 млн адамды құрап, жыл басынан бері 91,9 мыңға немесе 0,063 пайызға азайды»,- делінген хабарламада.

Ал өткен жылдың осындай кезеңінде тұрғындардың саны 5,3 мыңға артқаны немесе 0,004 пайызға көбейгені байқалған.

Сондай-ақ 2018 жылдың қаңтар-шілде аралығында 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Ресейде   өмірге келгендердің саны (83 субъектіде) кемігендігі атап өтілген. Ал керісінше өмірден озғандардың саны (54 субъектіде) артқандығы байқалды», деп атап өтеді Росстат.

 

 

Соңғы жаңалықтар