Ресейде фабрикада галерея опырылып, жұмысшы қаза тапты

None
None
НОРИЛЬСК. ТАСС-ҚазАқпарат - Норильск байыту фабрикасының аумағындағы цехта уатушы галерея опырылып, бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«20 ақпанда Мәскеу уақытымен сағат 00:44 шамасында уатушы цехтың галереясы құлағаны туралы хабар келіп түсті. Үйінді астынан төрт адамды шығарып алдық. Оның біреуі ауруханада көз жұмды « деп хабарлады Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі.

Оқиға болған кезде ғимаратта 8 адам жұмыс істеп жатқан.

Ведомствоның мәліметінше, екі адам өз бетінше қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Сосын құтқарушылар үйінді астынан тағы төрт адамды алып шықты.

Жарақат алғандар тез арада дәрігерлерге тапсырылған. Оның бірі ауруханада қайтыс болды.

«Тағы екі адамды іздеп жатырмыз» деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Құтқару жұмысына 181 адам және 56 техника жұмылдырылған.

Ақпарат көзінің айтуынша, үйіндіні ақтарып, адамдарды іздеуге өңірдегі қатты аяз және конструкциялардың құлау қаупі кедергі жасап тұр.

Тағы бір ақпарат көзіне сенсек, фабрикада бір емес, үш галерея және уату орталығының қоймасы ішінара опырылған.

Құлаған аумақ - шамамен 200 шаршы метр.

Аймақ прокуратурасы оқиға орнында өнеркәсіп қауіпсіздігі техникасының қаншалықты сақталғанын тексереді.


Соңғы жаңалықтар