Ресейде ер азамат балаларын бақшаға кіргені үшін балғамен ұрып өлтірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Чита қаласының тұрғыны екі баласын қатыгездікпен өлтірген ер кісі сот алдында жауап береді. Бұл туралы РФ Забайкалье өлкесі Тергеу комитетінің Тергеу басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды утро ру.

Тергеу нұсқасы бойынша, 2016 жылдың 30 тамыз күні 35 жастағы ер кісі 12 жасар қызы мен 10 жастағы ұлын өзінің саяжай аумағынан көріп, балғамен ұрып өлтірген. Ер кісі қызын кемінде алты рет ұрса, ұлын - 15 рет балғамен соққан.

Сот-психиатриялық сараптамасының нәтижесі бойынша, айыпталушының ақыл-есі дұрыс болып шықты. Ол өмір бойға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар