+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ресейде дүкен тонаған қылмыскер СҚО-дан ұсталды

2020 жылғы 30 шілде 02:10
Бөлісіңіз:
Ресейде дүкен тонаған қылмыскер СҚО-дан ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері іздеуде жүрген қылмыскерлердің биыл 20-сының жүрген жерін анықтап, ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жақында тәртіп сақшылары ресейлік әріптестеріне дүкен тонауға қатысты қылмысты ашуға көмектесті.

Ресейдің полицейлерінен сәуір айында іздеуде жүрген 24 жастағы ер адамға қатысты бағдар келіп түседі. Күдікті қасындағы танысымен Амур облысы Тында қаласында дүкен тонаған. Ол Ресейге нәпақа табуға кеткен СҚО-ның тұрғыны болып шықты.

СҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, іздеудегінің жүрген жерін анықтап, ұстады. Күдікті жалдамалы пәтерде тұрған және әртүрлі жұмыс істеген. Ол қылмыс жасағанын мойындады. Айтуынша, сыбайласы екеуі дүкеннен 25 мың рубльге жуық ақшаны олжалаған.

«Қылмыскерлерді іздестіру жұмысы департамент басшылығының ерекше бақылауында. Басқа мемлекет аумағында жазадан құтылмақ болып жасырынып жүрген күдіктілерді іздестіруге басымдық беріледі. Бұл жұмыс мемлекетаралық келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер жақын шетелдегі әріптестеріне 12 қылмыскерді іздеп тапты, барлығы ресейлік полицейлердің сұрауы бойынша», - дейді СҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Сейілхан Жұмағұлов.

Жалпы жыл басынан СҚО полицейлері 20 қылмыскерді іздеп тапты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT