+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Ресейде ДАИШ мүшесі теракт жасамақ болған

2020 жылғы 30 маусым 15:47
Бөлісіңіз:
Ресейде ДАИШ мүшесі теракт жасамақ болған

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі Владикавказда лаңкестік әрекеттің жолын кесіп, жарылыс ұйымдастырмақ болған «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының (ДАИШ) мүшесін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Федералдық қауіпсіздік қызметі Владикавказда лаңкестік әрекеттің жолын кесті. Өткізілген шаралардың нәтижесінде 1990 жылы туған Ресей азаматы ұсталды. Ол әкімшілік ғимараттардың бірінің жанында қолдан жасалған жарылғыш затты іске қоспақ болған. Кейін Ресей аумағында тыйым салынған ДАИШ халықаралық лаңкестік ұйымының қызметіне қатысу үшін Таяу Шығысқа шығып кетуді жоспарлаған», - деп хабарлайды ТАСС агенттігі ФҚҚ Қоғамдық байланыс орталығына сілтеме жасап.

ФҚҚ мамандары оның жасырып қойған орнынан жарылғыш затты жасауға арналған құралдарды, сондай-ақ оның қылмыстық әрекеттерін әшкерелейтін ДАИШ-тің шетелде жүрген мүшелерімен электрондық хаттары анықталды.

РФ ҚК 205.5-бабының 2-бөлігімен («Лаңкестік ұйымның қызметіне қатысу») қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ РФ ҚК 30-бабының 3-бөлігі және 205-бабының 1-бөлігі («Лаңкестік әрекетке оқталу») бойынша қылмыстық істерқозғау мәселесі шешілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT