Ресейде бүгіннен бастап Visa және Mastercard төлем карталары жұмысын тоқтатты

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС- ҚазАқпарат - 10 наурыздан бастап Ресейде Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерінің карталары РФ-те жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Visa және Mastercard карталары бойынша трансшекаралық операциялар қолжетімсіз.

Бұған дейін хабарланғандай «Ресей банктері шығарған Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерінің бүкіл карталары олардың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін Ресей аумағында қалыпты режимде жұмыс істей береді. Олар бойынша операциялар ел ішінде Төлем карталарының ұлттық жүйесінде жүзеге асырылады және оларға санкция ықпал етпейді. Осы карталарға байланған шоттағы қаражат толық сақталады және кез келген уақытта қолжетімді», - деді Ресейдің орталық банкі.



Соңғы жаңалықтар