Ресейде бортында 3 адам бар тікұшақ жоғалып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бортында 3 адам болған Ми-8 тікұшағы Ресейдің Иркутск облысында жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Тікұшақ «Ангара» әуе компаниясына тиесілі. Онымен байланыс үзілді, дәл қазір іздестіру шараларын жүргізіп жатырмыз», - деді агенттікке сұхбат беруші.

Оның айтуынша, жоғалып кеткен тікұшақ әуефототүсірілім жасап жүрген.

Өңірдің жедел қызмет мекемелерінде МИ-8 тікұшағы Усть-Куть қаласынан Солтүстік Байқалға қарай жол тартқанын және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жүргенін мәлім етті.

«Ангара» тікұшақтың бортында тек әуе компаниясының қызметкерлері болғанын жеткізді.

«Іздестіруге Киренскінің (Иркутск облысы) Ми-8 және Ан-26 тікұшақтары мен арнайы парашюттік топ аттанды», - деді Сібір авиациялық іздестіру-құтқару орталығының директоры Анатолий Лукьяненко.

Соңғы жаңалықтар