Ресейде бірнеше лаңкестік актінің жолы кесілді

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС- ҚазАқпарат – Ресей елінің Федералдық қауіпсіздік қызметі Мәскеу қаласы, Кабардин-Балқар және Астрахан облыстарындағы бірқатар лаңкестік актілердің жолын кесті. Арнайы операция барысында екі лаңкес ұстаып, алтауы өлтірілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ФҚҚ Қоғаммен байланыс орталығы бірқатар лаңкестік актілерді Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының мүшелері 2014 жылдың жазында жоспарлағанын баяндады. Мәскеуде екі лаңкестік актісінің жолы кесіліп, екі күдікті ұсталды. Астрахан облысы мен Кабардин-Балқарда аталған лаңкестік ұйымның алты қатысушысы өлтірілді.


Соңғы жаңалықтар