Ресейде бірнеше көлік соқтығысып, екі адам қаза болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Ресейдің Воронеж қаласындағы Мәскеу даңғылында жеті көлік соқтығысып, екі адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жексенбі күні сағат 19:20 шамасында Воронеж қаласының Мәскеу даңғылында Kia Rio, Volvo, Lifan автокөліктерінің қатысуымен жол апаты болды.

Skoda көлігімен келген комиссарлардың жол-көлік оқиғасын рәсімдеу кезінде, жол бойында тұрған көліктерге Toyota көлігі келіп соғылып, жақын маңда өтіп бара жатқан тағы екі көлік — Toyota мен ВАЗ-2112 соқтығысты.

Жол апаты салдарынан Lifan көлігінің жүргізушісі, 1998 жылғы әйел оқиға орнында мерт болды, оның жолаушысы аурухананың қабылдау бөлімінде қайтыс болған. Араларында бір жаяу жүргінші бар тағы үш адам түрлі жарақат алды. Қазіргі кезде полиция оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтауда.


Соңғы жаңалықтар