Ресейде бір тәуліктің ішінде 25 мың адам коронавирус жұқтырды

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны бір тәулікте 25 704-ке өсіп, 5 907 999-ға жетті. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ресейдің федералды штабы таратқан мәліметке сәйкес, салыстырмалы түрде жұқтырғандардың өсу үлесі – 0,44%. Атап айтқанда, бір тәулікте Мәскеу облысында 2 484, Санкт-Петербургте 1 948, Нижегород облысында 529, Краснояр аймағында 481, Свердлов облысында 478 адамнан инфекция анықталған.

Қазіргі кезде елде 460 223 адам ем алуда.

Коронавирустан көз жұмғандар саны бір тәулікте 799-ға өскен, кеше бұл көрсеткіш 791 болған. Бұл пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш болып отыр. Штаб деректеріне сай, шартты өлім үлесі (нақты деректер эпидемия аяқталғаннан кейін ғана белгілі болады) 2,49%-ға дейін көтерілген.

Еске салсақ, Ресейде қауіпті вирустан көз жұмғандар саны бірнеше күн қатарынан рекорд орнатуда. Және Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны өсіп, әлемде төртінші орынға көтерілді
Соңғы жаңалықтар