Ресейде бір тәулікте екі рет жер сілкінді

None
None
ЧЕЛЯБІ. ҚазАқпарат - Бүгін күндіз Ресей Федерациясының Челябі облысына қарасты Катав-Ивановск ауданында қарқындылығы 4,6 балдық жерасты дүмпуі қайталанды. Бұған дейін дәл осы жерде сәрсенбіге қараған түні жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы өңірдің қоғамдық қауіпсіздігі жөніндегі министрі Евгений Савченко мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Алғашқы 5,6 магнитудалы жер асты дүмпуі 03:58-де (Мәскеу уақытымен 01:58) тіркелген. Зардап шеккендер жайында әзірге мәлімет жоқ.

«РҒА-ның федералдық Бірыңғай геофизикалық қызметінің мәліметтеріне сәйкес, Катав-Иванов ауданында сағат 12:27-де (Мәскеу уақытымен 10:27) 4,6 балдық сейсмикалық белсенділік тіркелді. Тереңдігі - 10 шақырым. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ», - деді министр.

Министрліктің мәліметінше, алғашқы дүмпудің ошағы Катав-Иванов ауданына қарасты Орловка елді мекенінен 1,5 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі - дәл солай 10 шақырым. Савченко сәрсенбіге қараған түні болған жер сілкінісі техногендік емес, табиғи сипатқа ие екенін айтып кетті.

Соңғы жаңалықтар