Ресейде бір тәулікте 26 мың адам коронавирус инфекциясын жұқтырды
2021 жылғы 2 қаңтар 16:23

Ресейде бір тәулікте 26 мың адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

НҰР-СҰЛТАН. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бір тәулік ішінде 26 301-ге көбейіп, 9 млн 212 637-ге жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бір тәулік ішінде Мәскеуде коронавирус жұқтырған 5 452 жағдай тіркеліп, ауру жұқтырғандардың жалпы саны 821 128-ге жеткен.

Бір күн бұрын Мәскеуде 5 907 адам ауру жұқтырған. Ауру жұқтырған жаңа жағдайлар 0,7%-ға өскен.

Коронавирустан көз жұмғандар саны бір тәулік ішінде 76-ға жетсе, бұл дерттен емделіп шыққандар саны бір тәулік ішінде 18 897-ге артқан.

Жалпы алғанда 2 599 035 адам емделген.

Ал Ресей бойынша коронавирустан көз жұмғандар саны бір тәулік ішінде 447-ге өсіп, жалпы саны 58 002 адам көз жұмған.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT