Ресейде бір тәулікте 18 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырған 17 717 адам тіркелді, бұл пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Елде инфекцияға шалдыққандардың жалпы саны 1 581 693-ке жетті, деп хабарлады бейсенбі күні коронавирусқа қарсы күрес жедел штабы.

Штаб дерегі бойынша, өсім 1,1%-ды құраған. Шешенстан (0,4%) және Дағыстан (0,5%) Республикаларында тәуліктік өсу қарқыны төмендеген. Ал Мәскеуде бір тәулікте 4 906, Санкт-Петербургте 758, Мәскеу облысында 514, Нижегород облысында 386, Архангельск облысында 319 адам коронавирус жұқтырған.

Қазіргі уақытта ем алып жатқан науқастар саны 368 351-ге жетті. Коронавирустан болған өлім саны бір күн бұрын 346 болса, тәулік ішінде 366-ға артты. Бұл да пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Жалпы Ресей Федерациясында жаңа инфекциядан 27 301 адам көз жұмды.

Бейсенбі күні штаб бірден 14 740 науқастың жазылып шыққанын хабарлады. Бұл да рекордтық көрсеткіш. Жалпы Ресейде 1 186 041 адам немесе сырқаттанғандардың 75%-ы қауіпті індетті жеңіп шықты.

Соңғы жаңалықтар