Ресейде бір тәулікте 12846 адам коронавирус жұқтырды: Бұл індет тарағаннан бергі ең көп көрсеткіш

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде коронавируспен науқастанған адамдар саны бір тәулікте 12846 адамды құрады.

Бұл індет тарағалы бері тіркеліп отырған ең жоғары көрсеткіш.

Бұл туралы сенбі күні журналистерге жаңа инфекциямен күрес федералды жедел штабында хабарланды.

Вирус анықталғандар саны екі күннен бері ең жоғары көрсеткішті көрсетіп тұр. Жұма күні штаб өкілдері 12126 адамның қауіпті вирусты жұқтырғанын хабарлаған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Салыстырмалы түрде алғанда өсім 1% деңгейінде.

Індеттің тарау көрсеткіштері төмен өңірлер: Шешен Республикасы (0,2%), Чуваш Республикасы (0,4%), Мәскеу, Тула облыстары мен Тыва, Татарстан, Башқұртстан мен Чукоткада 0,5%-тен.

Бұл ретте Ресейде вирус жұқтырғаны ең көп расталған азаматтардың тең жартысы 10 өңірге тиесілі болып отыр. Вирус жұқтырудың жаңа 4105 жағдайы (ең арысы мамыр айынан бері) Мәскеуде анықталған, 501 жағдай Санкт-Петербургте (бұл көрсеткіш 16 мамырдан бері алғаш рет тіркеліп отыр), 416 Мәскеу облысында, 269 жағдай Ростов облысында, 257 жағдай Нижегородск облысында (соңғы рет мұндай көрсеткіш 11 маусымда тіркелген) тіркелді.


Соңғы жаңалықтар