+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Ресейде бір аптада 40 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырды

2020 жылғы 20 қыркүйек 15:26
Бөлісіңіз:
Ресейде бір аптада 40 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырды

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Инфекциямен күрес федералды жедел штабының дерегі бойынша, Ресейде шілде айынан бері алғаш рет бір апта ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 40 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да коронавирусты жұқтырғандардың жартысына жуығы — 50 жастан асқандар Бельгия СІМ басшысы қарқынды терапия бөліміне жатқызылды Қытайда жер сілкініп, мектеп оқушылары эвакуацияланды

Штаб мәліметінше, 14-20 қыркүйек аралығында 40 588 адам инфекцияға шалдыққан. Бір апта бұрын бұл көрсеткіш 37 306 болатын. 20-26 шілде аралығында вирус жұқтыру оқиғалары ең жоғары көрсеткішке жетіп, 40 939 адамды құрады.

Инфекцияға шалдыққандардың өсімі жылдамдады. Апта қорытындысы бойынша 3,6%-дан 3,8%-ға дейін және тәулігіне орташа есеппен 0,51%-дан 0,54%-ға дейін өсті.

Жазылып шыққандар саны қысқарып, 33 132-ні құраса, оның алдындағы 7 күнде 35 276 науқас ауруханадан шығарылған еді.

Штаб коронавирустан 840 адамның көз жұмғанын хабарлады, бір апта бұрынғы көрсеткіш – 758. 27 шілде мен 2 тамыз аралығында 859 өлім жағдайы тіркелген.

Жаңа инфекциядан болған өлімнің шартты көрсеткіші өзгерген жоқ. Штаб мәліметі бойынша 1,75%-дан 1,76%-ға ғана артқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT