Ресейде бір аптада 180 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейде бір апта ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 179 987 адамға артты. Бұл туралы жаңа инфекциямен күрес жөніндегі федералды жедел штаб мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бір аптадағы ауруға шалдыққандар саны қыркүйектегі бір айлық көрсеткішпен шамалас. Еске сала кетейік, қыркүйек айында жалпы саны 180 967 адам вирус жұқтырған еді.

Анықталған жағдайлар саны өткен аптадағы көрсеткіштен 10,1% артық. Өткен аптада 163 504 пациент ауруға шалдыққан болатын.

Өлім жағдайларының да саны артты. Соңғы жеті күнде 3 348 адам індеттен көз жұмған. Ал өткен аптада қайтыс болған науқастар саны 2 993 адамды құраған еді.

Сауығып шыққандардың саны да рекордтық деңгейге жетті.

Бір аптада Ресейде коронавирус диагнозы қойылған 166 014 пациент ауруханадан шығарылды. Өткен аптада оның саны 155 458 адам болған еді.

Емделіп шыққан ресейліктердің үлесі 76,4% -дан 77,6% -ға дейін өсті.

Соңғы жаңалықтар