+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Ресейде билік ғимараттарын жармақ болған террористердің көзі жойылды

2020 жылғы 15 қазан 18:02
Бөлісіңіз:
Ресейде билік ғимараттарын жармақ болған террористердің көзі жойылды

ВОЛГОГРАД. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі елде тыйым салынған «Катиба Таухид валь-Джихад» халықаралық террористік ұйымының екі мүшесінің көзін жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Олар Волгоградта лаңкестік әрекеттер жасамақ болған.

Ресей ФҚҚ-ның Қоғаммен байланыс орталығынан мәлім еткендей, террористердің қызметі Сирия аумағынан басқарылып отырған. Олар «билік ғимараттарына, әскери қызметшілердің тұрғылықты жерлеріне және жарылыс-өрт қаупі бар кәсіпорындарға» шабуыл жасауды жоспарлаған.

«Ұстау операциясы барысында ұйым басшысы мен оның сыбайласы Ресей ФҚҚ қызметкерлеріне қаруды пайдалана отырып, қарсылық білдіргеннен кейін олардың көзі жойылды», - делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, оқиға орнынан Волгоград картасы табылған, онда жоспарланған террористік шабуылдардың орны көрсетілген. Атап айтқанда, картада қара түспен «Отан Ана» монументінің жанында шабуыл ұйымдастырылмақ болғаны белгіленген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT